Риддер ЖЭО-дағы үшінші қазандықтың жұмысы уақытша тоқтатылды

443

Қала билігі бұл авариялық жағдайды болдырмау мақсатында жасалып отыр деп мәлімдеді.

Риддер ЖЭО-дағы үшінші қазандықтың жұмысы уақытша тоқтатылды Фото: inbusiness.kz

Риддер қаласы Жылу электр орталығындағы №3 қазандық агрегаты уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Риддер қаласының әкімі Дәулет Батырбаев хабарлады.

“Ережеге сәйкес, күрделі жөндеуден өткен электр станцияларының жабдықтары 48 сағат ішінде жүктеме кезінде қабылдау-тапсыру сынақтарына жатады. Жабдықты кешенді сынау негізгі жабдықтың қалыпты жүктемесі және жылу электр станциясы үшін будың жобалық параметрлері (газ турбиналық қондырғылар үшін) бар негізгі отынмен 72 сағат ішінде қалыпты және үздіксіз жұмыс істеуі жағдайында судың қысымы мен шығыны кезінде жүргізілді деп есептеледі. Авариялық жағдайларды болдырмау үшін 2 қазаннан 3 қазанға дейін қосымша тексеру үшін №3 қазандық агрегатын тоқтату қажет”, - деп жазды қала басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кету керек, осыған дейін Риддер Жылу электр орталығының бірінші қазандығы іске қосылғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу