Риддер ЖЭО коммуналдық меншікке беріледі

385

Орталық бірнеше рет апаттық жағдайда тоқтатылды.

Риддер ЖЭО коммуналдық меншікке беріледі Фото: Ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстандағы Риддер жылу электр орталығының жаңа меншік иесі жылу көзін коммуналдық меншікке береді. Бұл туралы мәслихат сессиясында облыс әкімі Ермек Көшербаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Жылу маусымы басталып, аяқталғанға дейін Риддердегі жылу қазандығы бірнеше рет апаттық жағдайда тоқтатылып, тұрғындар қыстың суығында жылусыз қалған еді.

"Алдымен ол ЖЭО-ның барлық қарыздарын өтейді. Содан кейін  кәсіпорынды коммуналдық меншікке береді", - деді Ермек Көшербаев.

Өңір басшысы, сондай-ақ, жылыту маусымына дайындық, әсіресе, әлеуметтік нысандар мәселесі ерекше бақылауда екенін атап өтті.

"Кейбір аудан әкімдіктерінің "Қаражыра" көмір жеткізушісі алдындағы қарыздары қиындық тудыруда, алайда бұл қарыздар бірнеше ай ішінде төленеді деген келісімге қол жеткізілді", - деді облыс әкімі.

"Қыстың көзі қырауда" дегендей, жаздың ортасына да таяп қалдық. Риддерліктер биыл тағы да жылусыз қаламыз ба деп алаңдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу