Риддер ЖЭО-сы коммуналдық меншікке беріледі

376

Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, ҚМА, БҚДА және басқа да ведомстволар басшыларының қатысуымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. 

Риддер ЖЭО-сы коммуналдық меншікке беріледі Фото: primeminister.kz

Комиссия Риддер қаласындағы ЖЭО-ның айналасында қалыптасып отырған жағдайды қарастырды.

Өткен жылдың қазан айынан бастап станцияда бірқатар апат орын алып, соның кесірінен қала тұрғындарын жылумен және электрмен жабдықтауда іркілістер болды.

ЖЭО-ның  бұрынғы иелері оны жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарына инвестиция салмағандықтан, станцияның техникалық жай-күйі әбден тозып бітуге айналған.

Биыл Үкімет резервінен және облыс әкімдігінен бөлінген қаражат есебінен станцияның барлық 6 қазандығына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта 3 қазандық бойынша іске қосу жұмыстары жүріп жатыр, тағы 3 қазандықты жөндеу жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

ЖЭО-ның жаңа меншік иесімен жүргізілген келіссөздер қорытындысы бойынша инвестор кәсіпорынның барлық қарызын өтеп, станцияны әкімдіктің коммуналдық меншігіне береді деген уағдаластыққа қол жеткізілді.

Премьер-Министр ЖЭО-ны жергілікті атқарушы органдардың балансына қабылдау үшін барлық қажетті ұйымдастыру-құқықтық жұмыстарды жүргізуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу