Риддер жылу орталығы күрделі жөндеуге 7 млрд теңге керек

Жылу электр орталығының иесі ауысты. 

Риддер жылу орталығы күрделі жөндеуге 7 млрд теңге керек Фото: ustinka.kz

Үкімет отырысынан кейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов  Риддердегі жылу электр орталығының қазіргі жайы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Риддердегі жылу электр орталығында төтенше жағдай болып, өрт шықты. Жұмыс тәулік бойы жүріп жатыр, 180 метр көмір беру конвейері қайта қалпына келтіріледі. Ертең алғашқы желі жұмыс істей бастайды. Жылу стансасы көмірге арналған, тығырықтан шығу жолында мазутты отын ретінде беруге мәжбүр болдық. Қиындықтар туындады. Күн сайын 100-ден астам адам 240 тонна көмір жеткізді. Оны қолмен тасуға тура келді", - деді Даниал Ахметов БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатар ол жылу орталығын күрделі жөндеуге 7 млрд теңге керек екенін атап өтті.

Бұл ретте өңір басшысы жылу электр орталығының иесі ауысқанын жеткізді.

"Бүгін сатып алу-сату шарты жасалып, қол қойылды. ЖЭО-ның жаңа иесімен бірге жұмыс істеуді бастап кеттік. Келісімге сәйкес, ол компания қысқа уақыт ішінде орталыққа кем дегенде 7 млрд теңге инвестиция жасай алатынын банктік есепшоты арқылы көрсетіп, дәлелдеуі керек", - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу