Риддер жылу орталығындағы күрделі жөндеу жұмыстары жартылай аяқталды

352

Қазандықтар қазан айында толық дайын болады.  

Риддер жылу орталығындағы күрделі жөндеу жұмыстары жартылай аяқталды Фото: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығындағы күрделі жөндеу жұмыстары жартылай аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Жылу электр орталығындағы барлық алты қазандық жөнделуде. Оның үшеуі қыркүйек айының соңында, қалғандары қазан айында дайын болады.

Қазандықтар температуралық режимге сәйкес біртіндеп пайдалануға беріліп, күн суығанда толық қуатта жұмыс істейді деп жоспарлануда.

"ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстарының барысы әкімдік пен тұрғындардың бақылауында. Бүгінде жұмыстар 49%-ға аяқталды. Сол жерге 9 кәсіпорынның 400-ге жуық адамы жұмылдырылған", - делінген ақпаратта.

№1 қазандықтың дайындығы 65,7%, №2 – 47,3%, №4 – 43,6%. Қалған үш қазандықтың жартысына жуығы жөнделді. Кестеден кешігу жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу