Риддердегі жарылыстан зардап шеккен 3 адам Өскеменге жеткізілді

189

Қалғаны Риддерде дәрігерлердің бақылауында. 

Риддердегі жарылыстан зардап шеккен 3 адам Өскеменге жеткізілді Фото: baq.kz

Кеше Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер жылу электр орталығындағы жарылыстан 6 адам зардап шеккен болатын. Ауыр жарақат алған үшеуі  облыс орталығына жіберілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Оқиға орнына Өскеменнен реаниматолог пен травматолог мамандары бар медициналық бригада келді. Олар ең ауыр жарақат алған үш адамды облыс орталығына жеткізу туралы шешім қабылдады. Медицина қызметкерлері барлық қажетті шараларды қабылдауда. Науқастардың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланды, – дейді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жігітаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу