Риддерде 1 шілдеден бастап ыстық су өшіріледі

157

1-25 шілде аралығында ыстық су беру уақытша тоқтатылады.  

Риддерде 1 шілдеден бастап ыстық су өшіріледі Фото: gov.kz

"Шығыс Жылу" АҚ мәліметінше, жылу электр орталығының негізгі және қосалқы жабдықтарына жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Соған байланысты орталық 1-25 шілде аралығында жұмыс істемейді.

"Осы кезеңде ыстық су беру уақытша тоқтатылады. Бұдан бөлек, шілде айында қаланың әртүрлі аудандарындағы 17 учаскеде жылу желілерін күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Бұл жұмыстар тамыз айында да жалғасады. Осыған байланысты кейбір аумақтарда ыстық су уақытша өшіріледі. Алайда шектеу бүкіл қалаға бірдей емес, жөндеу жүргізілетін учаскелерге ғана қатысты болады", – делінген ресми хабарламада.

Ал тамыз айында ыстық су тек жылу желілерінде жөндеу жұмыстары жүргізілетін аудандарда ғана уақытша тоқтатылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу