Риддерде 22 мың тұрғын жылусыз отыр

570

Шығыстағы Риддер қаласында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.  

Риддерде 22 мың тұрғын жылусыз отыр Фото: gov.kz

Жылу орталығында болған кезекті апаттың салдарынан 22 мың тұрғын тағы да жылусыз қалды. Мектептер қашықтан оқуға көшірілді, балабақшалар жұмысын тоқтатты. Жергілікті жедел штаб өкілдерінің хабарлауынша, жылу электр орталығындағы багер станциясын су алғандықтан құрылғылар істен шыққан. Қазір суды сору жұмысы жүргізіліп жатыр.

Мамандардың сөзінше, бірнеше сағатта станция жұмысы қалпына келуі тиіс. Ал жергілікті билік орталықта болған келеңсіз жағдайға станция басшылығын кінәлап отыр.

Бұған дейін апатқа байланысты ШҚО әкімі Даниал Ахметов арнайы үндеу жасағанын жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу