Риддерде 600 оқушыға арналған жаңа мектеп ашылды

350

Мектеп "Казцинк" ЖШС-нің жеке қаражаты есебінен салынған.  

Риддерде 600 оқушыға арналған жаңа мектеп ашылды Фото: gov.kz

Риддер қаласында "Қазцинк" ЖШС-нің жеке қаражаты есебінен салынған, мемлекеттік тілде білім беретін жаңа жалпы білім беретін мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Салтанатты ашылу рәсіміне Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

Жаңа білім ордасы қаланың 5-шағынауданында бой көтерген. Аумағы 10 мың шаршы метрден асатын үш блокты ғимарат 600 оқушыға арналған. Мектеп қауіпсіздік пен жайлылықтың заманауи талаптарына сай жобаланып, қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған.

Мұнда 5-11 сынып оқушыларына арналған кең оқу кабинеттері, мамандандырылған шеберханалар, заманауи кітапхана, ресурс орталығы қарастырылған. Ал бастауыш сыныптарға арналған оқу аймағы толық оқшауланып, балалардың қауіпсіздігіне басымдық берілген.

Мектепте үлкен және кіші спорт залдары, 135 орындық акт залы, медициналық блок, логопед және психолог кабинеттері жұмыс істейді.

Оқушылардың дұрыс тамақтануына да ерекше көңіл бөлінген. Білім ордасында заманауи талаптарға сай асхана жабдықталған.

Мектеп аумағында балалардың спортпен айналысуына және бос уақытын тиімді өткізуіне арналған көпфункционалды алаңдар орналасқан. Атап айтқанда, футбол, волейбол және баскетбол алаңдары, ұзындығы 250 метрлік жүгіру жолағы, сондай-ақ әртүрлі жастағы балаларға арналған ойын және демалыс аймақтары жасақталған.

Жаңа мектептің ашылуы Риддер қаласының білім беру инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік беріп, оқушыларға заманауи әрі қолайлы білім алу ортасын қалыптастыруға жол ашты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу