Риддерде алимент төлемеген әйел сотталды

177

Әйел жазасын Абай ауданындағы колонияда өтейтін болды. 

Риддерде алимент төлемеген әйел сотталды Фото: freepik

Риддер қаласының тұрғыны алимент төлемегені үшін сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"31 жастағы Риддер қаласының тұрғынына алимент төлемегені үшін бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған болатын. Сотталушы пробация қызметінің есебіне келмеген және тексеру кезінде тұрғылықты жерінде болмаған. Сондықтан бас бостандығын шектеу жазасы бір жылға бас бостандығынан айырумен ауыстырылды", – деп хабарлады полиция.

Полицейлер сотталушының түсініктемесін де жариялады. Әйел күйеуі екеуінің бұрын ата-ана құқығынан айырылғанын айтқан.

Әйел жазасын Абай ауданындағы колонияда өтейтін болды. Қазір мекеме қызметкерлері оған түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу