Риддерде аю адамға шабуыл жасады

398

Омартада жұмыс істеп жүрген азаматқа жыртқыш аң аяқ-астынан тап берген.  

Риддерде аю адамға шабуыл жасады Фото: Видеодан скриншот

Абырой болғанда, қасындағы адамдар көмектесіп, аюдан арашалап қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "24KZ" телеарнасына сілтеме жасап.

Салдарынан зардап шегуші түрлі жарақатпен ауруханада жатып, емделіп шықты. Мамандардың айтуынша, өлкеде қазір аю көбейіп кеткен.

"Түз тағысы ауыл-аймақты иектеп жүр. Тұрғындардан 40 шақты шағым түсті", – дейді орман және аңшылық шаруашылығының өкілдері.

Аю әсіресе Алтай, Риддер, Ұлан, Марқакөл жақта жиі көзге түседі. Сарапшылардың пікірінше, жыртқыштардың елді мекендерді төңіректеуіне азық қорының аздығы әсер етіп жатыр. 

– Жағдай былтырғыдай болып тұр. Көктем ұзаққа созылды, жаз құрғақ болды. Орманда саңырауқұлақ та, жидек те жоқ. Оның үстіне тұрғындар ауыл шетіне тамақ қалдықтары мен қоқысты апарып, үйіп тастайды. Ал оның иісін аш жүрген аң бірден сезеді. Инспекторлар шағым бойынша өңірлерге шығып, үркіту жұмыстарын жүргізіп жүр, – деп мәлімдеді ШҚО Орман және аңшылық шаруашылығы жедел қимыл отряды бастығының орынбасары Сергей Карманников.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу