Риддерде ер адам өз қызына зорлық жасады деген күдікке ілінді

149

Алдын ала мәлімет бойынша, қыз 6 жасынан бастап әкесінің жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылығына ұшыраған. Қазір жәбірленушінің жасы 14-те.  

Риддерде ер адам өз қызына зорлық жасады деген күдікке ілінді Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында ер адам кәмелетке толмаған қызын бірнеше жыл бойы зорлады деген күдікке ілініп, ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ер адам шілде айының басында полиция қызметкерлерімен ұсталған. Құқық қорғау органдары оны жұмыс орнынан алып кеткен.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, Риддер қалалық полиция бөлімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Аталған бап кәмелетке толмаған адамды зорлауға қатысты.

Тергеу мүддесіне сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу