Риддерде қала көшелеріне аю кіріп кетті

256

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Риддерде қала көшелеріне аю кіріп кетті Фото: Unsplash/Zdeněk Macháček

Желіде тараған видеода аюдың көше жолдарын кезіп жүргенін көруге болады. Тіпті жер үйлердің маңына таяп та барған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осыған қатысты "Риддер орман шаруашылығы" мекемесінен түсініктеме берді.

"Риддердегі аю саны бұрыннан бері көп болған. Себебі оның санын реттеу жүргізілмейді. Осы жылы аюлардың елді мекендерге жиі шығуының басты себебі – орманда қоректің болмауы. Көктемдегі аяз салдарынан жидек шықпады. Шие, қарақат жоқ. Сондықтан аюлар далада күнбағыс жеп, қала ішіндегі қоқыс жәшіктеріне түсе бастады. Егер аю май жинай алмаса, қыста ұйқыға кетпейді немесе ерте оянып кетуі мүмкін. Ал бұл өте қауіпті", – делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу