Риддерде қатты қалдықтарды өңдейтін зауыт іске қосылады

2059

Қазір кеншілер шаһарында аумағы 18 гектарды қамтитын жалғыз қатты тұрмыстық қалдық полигоны бар. Ондағы қоқыс қоры 321345 тоннадай.

Риддерде қатты қалдықтарды өңдейтін зауыт іске қосылады

Биыл жазда ШҚО қарасты Риддер қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт іске қосылады, деп хабарлайды аltaynews.kz.

Жоба құны 450 миллион теңге болатын жобаны жеке кәсіпкер Виктор Стребков жүзеге асыруда.

Ресми деректерге сүйенсек, қазір кеншілер шаһарында аумағы 18 гектарды қамтитын жалғыз қатты тұрмыстық қалдық полигоны бар. Ондағы қоқыс қоры 321345 тонна мөлшерінде. Полигонды жергілікті билік "Фирма Эталон" ЖШС-ге сенімді басқаруға беріпті. 

"Қазір біз нысанның іргетасын құйып, қабырғаларын бекітетін бағаналар орнаттық. Әне-міне дегенше, ангар дайын тұрады. Шикізатты өңдейтін қондырғылардың бір бөлігін сатып алып қойдық. Қалғанын мамыр айында әкелеміз. Қысқасы, маусымда жұмысты толық аяқтап, кәсіпорынды қатарға қосуымыз керек", – дейді Виктор Стребков.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды пиролиз әдісімен өңдейтін мұндай зауыт бұл күнде Ресейде, Еуропа елдерінде болғанымен, Қазақстанда әзірге жалғыз. Сонымен қоса кәсіпорын басшылығы сұрыптаумен және басқа да жұмыстармен айналысатын жиыны 17 адамды жұмысқа алуға дайын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу