Кешелі бері Риддерде қатты жел соғып тұр. Соның салдарынан бірнеше көшеде электр желілері үзіліп, тұрғын үйлерде жарық сөнді.
"Шығысэнерготрейд" компаниясының мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта 4 апаттық бригада қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл электр желілері қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің балансында.
Сондай-ақ "Таврия ЭЖА" өкілдері көмекке тартылды. "ОЭСК" АҚ мен ТҮКШ бөлімінің қызметкерлері жарықтың жылдам қосылуы үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу