Риддерде кенші жер астында қалып қойды

981

Оқыс оқиға кеше "Казцинк" шахталарының бірінде болған.

Риддерде кенші жер астында қалып қойды

Риддерде тау жынысы опырылып, бір кенші қамалып қалды, деп хабарлайды altaynews.kz.

Оқыс оқиға кеше "Казцинк" ЖШС шахталарының бірінде болған.

Хабар жеткен соң жұмысшылардың барлығы дереу қауіпсіз жерге көшіріле бастады. Алайда осы сәтте бұрғылаушымен байланыс үзіліп кеткен екен.

Компания мамандарынан, құтқарушылар мен құзыретті мемлекеттік орган өкілдерінен жасақталған жедел штаб бірден құтқару операциясына кірісті. 6 қаңтарға қараған түні қызметкермен байланыс орнатылды. Қазіргі уақытта жұмысшыны құтқаруға барлық күш жұмылдырылуда.

"Білікті мамандар мықты техникамен іске кірісті. Оқиға орнында медициналық бригада жұмыс істеп тұр. Компания өкілдері қызметкердің отбасына жан-жақты көмек көрсетуде", – деп мәлімдеді "Казцинктің" қоғаммен байланыс басқармасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу