Риддерде көпқабатты бес үй апаттық жағдайда - ШҚО

466

Ал қалада жаңа құрылыс қарқыны төмен.

Риддерде көпқабатты бес үй апаттық жағдайда - ШҚО Фото: 24.kz

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында көпқабатты ескі үйлер көп. Бірақ бесеуі ғана апаттық жағдайда деп танылды. Бұл жөнінде қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Қалада ағаштан салынған екі қабатты тұрғын үйлер өткен ғасырдың басында пайда болған. Бір ғасырдан асқан баспаналар бұл күнде тозған. Тұрғындар қыстың көзі қырауда жылыту қиын екенін айтады. Биылғы қыс маусымында жылу электр орталығында апат болып, бұл үйлер тіпті қаңырап кеткен екен. Сонымен бірге халық жаңбырлы маусым - көктем-күзде үйлердің іргесі сөгіліп кете ме деп жанын шүберекке түйіп отырады.

Әкімдіктің жауапты бөлімінің хабарлауынша, үйлерде пәтер саны көп емес. Бес үйде барлығы 14 отбасы тұрады. Олар жаңа үйлерде кезекке тіркелген. Бірақ бір өкінішті жағдай бар. Оны әкімдік те мойындайды.

“Кезек күткен адамдарға пәтер құрылыс қарқынына қарай беріледі. Біздің қалада құрылыс қарқыны төмен”, - деп жазады тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі.

Сонымен бірге қала халқы осы бес үй ғана апаттық жағдайда екеніне сенбейді. Айтуларынша, тозығы жеткен тұрғын үйлер көп. Олар әкімдікті “жақсылап” тексеруге шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу