Риддерде машинист үйінді астында қалды

1510

Тишинский кенішінде жер қыртысы опырылған. Машинист дәл сол маңда жүк таситын көлігімен жұмыс істеп жүрсе керек.

Риддерде машинист үйінді астында қалды Фото: Комсомольская правда Казахстан

Риддер кен-байыту кешенінің Тишинский кенішінде машинист көлігімен бірге үйіндінің астында қалып қойды, деп хабарлайды altaynews.kz.

24 тамызда Тишинский кенішінде жер қыртысы құлап кеткен. Машинист дәл сол маңда жүк таситын көлігімен жұмыс істеп жүрсе керек. Қазір 15 метр тереңдіктегі өндіріс  тоқтап тұр.

Басшылық пен жұмысшылар бірден іздеу-құтқару жұмыстарына кіріскен. Құзыретті мемлекеттік органдарға да хабар беріп үлгеріпті. Оқиға орнында қазір құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр.

Мамандардың айтуына қарағанда, машинист көлігімен бірге құлаған үйіндінің астында қалған.

Құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу