Риддерде полицияға бірнеше рет қоңырау шалып балағаттаған ер адам сотталды

307

Оның қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы туралы ескертуге де құлақ аспаған. 

Риддерде полицияға бірнеше рет қоңырау шалып балағаттаған ер адам сотталды Фото: canva

Риддер қалалық сотында билік өкілін қорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сот мәліметіне сүйенсек, қала тұрғыны түнгі уақытта "102" арнасына бірнеше рет қоңырау шалып, жедел кезекші қызметкердің көмекшісіне боқтық сөздер айтқан. 

Сот барысында ер адам істеген ісіне өкінетінін білдіріп, жәбірленушіден кешірім сұрады.

– Айыпталушының бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағандығы істі жеңілдететін мән-жай ретінде есептелді. Сот оған 80 сағаттық қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындады, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу