Риддерде салынып жатқан мектеп қай тілде білім беретін болады? – вице-министр жауабы

463

Қалада 600 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр. 

Риддерде салынып жатқан мектеп қай тілде білім беретін болады? – вице-министр жауабы Фото: Inbusiness.kz

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан Риддердегі мектепке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер ведомство өкілінен "Риддердегі қазақ мектебінің жобалық-сметалық құжаты бар ма? Жеке мектеп салына ма?" деп сұрады.

"Бұл мектептің жағдайы бойынша біраз мәселе көтерілді. Бұған дейін де өз пікірімізді айтқан болатынбыз. Бірінші мәселе – мектептің тілін айқындау. Әкімдік жергілікті тұрғындардың талап-тілектері негізінде қай тілде оқытатын мектеп болатынын шешуі керек. Риддер тұрғындары тарапынан осындай сұраныстар болды. Қазіргі жобаланып, салынып жатқан  мектептердің бірін ШҚО әкімдігі тұрғындардың талап-тілектерін ескеріп, қазақ тіліне беру керек деп ойлаймыз. Биыл Риддерде 600 орындық мектептің құрылысы басталды. Ғимарат келесі жылдың соңына дейін қолданысқа берілуі тиіс. Бұл қазақ мектебі болуы керек деп ойлаймыз", - деді вице-министр.

Еділ Оспан жаңадан салынып жатқан мектептің қай тілде оқытатыны бойынша шешімді жергілікті әкімдік қабылдайтынын жеткізді.

Айта кету керек, осыған дейін Риддердегі жалғыз қазақ мектебі туралы жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу