Риддерде судың деңгейі көтеріліп бірнеше ауланы су басты

434

Халық эвакуациядан бас тартты.

Риддерде судың деңгейі көтеріліп бірнеше ауланы су басты Фото: видео скриншот

Бүгін түнде Риддер қаласындағы Хариузовка өзенінің арнасында мұздың қатуынан су деңгейі көтерілген. Салдарынан  Киров көшесі, Өскемен бұрылысы мен Хариузовский бұрылысындағы  жеке сектордың 4 аула аумағы мен  Киров көшесіндегі 2 жеке үйді су басты. 

Халықты уақытша орналастыру үшін Риддер қаласының әкімдігі "Риддер колледжі" КММ ғимаратында уақытша орналастыру пунктін алдын ала дайындады. Алайда халық эвакуациядан бас тартты.

- Риддер қаласының әкімдігі мен ШҚО ТЖД құтқарушылары аула аумақтары мен үйлерден суды сорып шығаруы үшін мотопомпалар тартылды, мұздан тазарту және өзен арнасына қарай еңіс жасау үшін арнайы техника тартылды.  Жергілікті әкімдік келтірілген залалды бағалау үшін мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасынан комиссия құрды, - делінген ақпаратта. 

ТЖ салдарын жоюға  ЖАО, ШҚО ТЖД және полиция департаментінің жеке құрамынан 20 адам және 7 бірлік техника, 2 мотопомпа жұмылдырылды.

- "ЛК ГЭС" ЖШС қызметкерлері су ағызуды азайтты. Мониторинг жүргізілуде. 07 сағат 30 минуттағы жағдай бойынша аула аумақтарынан су шығарылды.  Тек жертөлелерде қалды. Риддер қаласында су, жылу және  электрмен жабдықтау толық көлемде жүзеге асырылады. Жағдай бақылауда, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, оқиға орнына облыс әкімі Ермек Көшербаев және ШҚО ТЖД басшылығы барды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу