Риддерде тау жынысы басып қалған шахтадағы жұмысшы құтқарылды

1420

Оның денсаулық жағдайы қалыпты. Толықтай тексеруден өту үшін ауруханаға жіберілді.

Риддерде тау жынысы басып қалған шахтадағы жұмысшы құтқарылды

Риддер қаласында опырылған тау жынысында қалып қойған жұмысшы екі күннен соң құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"7 қаңтар күні сағат 03.00 шамасында құтқару тобының бірлескен қимыл-әрекетінің нәтижесінде кенші шахтадан аман-есен шығарылды. Оның денсаулық жағдайы қалыпты. Толықтай тексеруден өту үшін ауруханаға жіберілді", – деп хабарланды "Казцинк" ЖШС-нің Facebook парақшасында.

Еске сала кетсек, 5 қаңтар күні "Казцинк" ЖШС-ға қарасты Риддер тау-кен байыту кешенінің Риддер-Сокольный кенішіндегі учаскелердің бірінде тау жынысы опырылып, шахтадағы 1 жұмысшы сыртқа шыға алмай қалған. Лезде құтқару штабы құрылып, сол жерге арнайы мамандар мен техникалар тартылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу