Риддерде техногендік сипаттағы ТЖ режимі алынып тасталмақ

576

Бұл туралы өңір басшысы хабарлады. 

Риддерде техногендік сипаттағы ТЖ режимі алынып тасталмақ Фото: kaztag.kz

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Риддердегі жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы ТЖ режимін алып тастауды тапсырды, деп жазады inbusiness.kz.

Өңір басшысы Риддер ЖЭО-ның жаңа инвесторларымен кездескенін жеткізді.

"Он күн ішінде жылу орталығының жаңа иелері жөндеу жұмыстарының толық кестесін ұсынумен қатар қажетті жабдықтар мен компоненттердің, мамандардың тізімі мен санын көрсетуі қажет. Төртінші және бесінші қазандықтарға, көмір берудің резервтік трактісіне, өрттен зардап шеккен Орталық ғимаратының өзіне ерекше назар аударуы шарт. Барлық жабдықтар мен желілер күрделі жөндеуді қажет етеді, сондықтан кесте осы мәселелердің бүкіл блогын қамтығаны дұрыс", - деп жазды  әкім.

Ол қиын жағдайда дүрбелеңге салынбай, түсіністік танытқан риддерліктерге алғыс білдірді.

"Риддер қаласы әкіміне жылу электр орталығы тоқтаусыз істеп тұруына байланысты жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимін алып тастауға тапсырма бердім", - деді Даниал Ахметов.

Еске салайық, былтырғы қараша айында қалада техногендік сипаттағы ТЖ режимі енгізілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу