Риддерде төтенше жағдай режимі жарияланды

543

Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді.  

Риддерде төтенше жағдай режимі жарияланды Фото: Orda.kz

Риддерде өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

"Қаланың жылу электр орталығының жұмысында үлкен кемшіліктер бар. Жаңа RNGK компаниясының иесі қаңтардан бастап ешқандай жұмыс жүргізбеді. Өткен кезеңде 3 миллиард теңгеден астам берешек қалыптасты. Мазут, көмір, электр энергиясын жеткізуде олқылықтар болды. Сонымен қатар қараша айынан бастап шұғыл жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген компанияларға еңбекақы төлеуде әлі кешіктірулер бар. Барлығы жұмыс процесінде 67 сыну тіркелді. Бірнеше күн бұрын 4 және 5 жоғары қысымды қазандықтарда өрт болды. Кабельдік-өткізгіш өнімдер өртенді, көмір беру жолында ұсақ дисперсті шаңның жарылуы болды. Қазір біз жылыту маусымын аяқтауға мүмкіндік беретін режимде тиімді жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін станцияның барлық басқаруын өзімізге алуға мәжбүрміз", - деді аймақ басшысы.

Оның сөзінше, бүгінгі таңда тығырықтан шығудың жалғыз жолы – Риддер ЖЭО-ны коммуналдық меншікке сатып алу.

"Біз бұл бағытта заңнамаға сәйкес жұмыс істейміз. Оң нәтижелерге қол жеткіземіз деп үміттенеміз", - деп атап өтті Даниал Ахметов.

Еске салайық, 23 наурыз күні Риддердегі жылу электр орталығында тағы апат болды. №6 қазандық аймағындағы жанармай беру галереясында көмір шаңы пайда болды. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша "Риддер Жылу электр орталығы" АҚ-ға 11 млн теңге айыппұл салынды. Риддер тұрғындарына жылу тиісінше жеткізілмегені үшін 63 млн теңге өтелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу