Риддерде тұрғындарды эвакуациялауға 100-ден аса полицей жұмылдырылды

774

Тәртіп сақшылары тәулік бойы кезекшілік атқаруда. 

Риддерде тұрғындарды эвакуациялауға 100-ден аса полицей жұмылдырылды

Бұл туралы  Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды inbusisess.kz

Еске сала кетсек, 10 мамырда Риддер қаласының Лесхоз кентінен басталған орман өрті бір түнде 35 үй мен 10 шаруашылық нысанды шарпып, жақын маңдағы елдімекендерге таралу қауіп төнген еді. 

"Сондықтан өртті сөндіруге Шығыс Қазақстан облысының 100-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылды. Олар тұрғындарды эвакуациялап, босап қалған үйлерді тонау фактілері орын алмау үшін тәулік бойы кезекшілік қызмет атқаруда. Риддер қаласы полициясының жеке құрамы толығымен қалада бақылауды күшейтті. Құтқару жұмыстарына жалпы саны 300 тәртіп сақшысы, 40 техника жұмылдырылды", – деді ІІМ ресми өкілі. 

Сонымен қатар оқиға болған өңірде Қылмыстық Кодекстің 204-бабының екінші бөлігі, яғни  отпен абайсыз жұмыс істеу арқылы бөтен мүлікті жою, ауыр зардаптар мен аса ірі залал себепші болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын атап өтті.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу