Қалалық әкімдіктің мәліметінше, жылу желілерін ауыстыру және жылу электр орталығында ауқымды жөндеу жұмыстары басталған. Тиісінше 10 мамыр мен 1 қыркүйек аралығында тұрғын үйлер мен мекемелерде ыстық су болмайды.
"Былтырғы жаз бен күзде ЖЭО-да жөндеу жұмыстары қолға алынып, қиын жағдай тұрақтандырылған болатын. Осылайша 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымы күрделі ақаусыз өтті. Биыл да жөндеу жұмыстары жалғасады. Былтыр жөндеумен қамтылмаған қазандық агрегаттарын, турбогенераторларды, қосалқы жабдықтарды күрделі жөндеу жоспарланып отыр", - деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.
Ведомство жалпы ұзындығы 18,9 шақырым болатын жылу желілерінің 55 учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілетінін, барлық жұмыс белгіленген мерзімде аяқталатынын алға тартты.