Риддерде жедел топ көшеде жүрген аюларды елді мекеннен алшақтатты

113

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында күн жылы болуына байланысты аюлар әлі ұйқыға кетпеген.

Риддерде жедел топ көшеде жүрген аюларды елді мекеннен алшақтатты Фото: Фархат Қабдықайыров/Видеодан скриншот

Биылғы көктем, жаз мезгілдерінде Риддер жұртшылығы аю көргендерін айтып, құзырлы органдарға жиі хабарласқан болатын. Күз кезінде де түз тағысы көшеге кіріп кеткен видеолар желіде тарады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Соған байланысты Орман және аңшылық жедел әрекет ету жасағының инспекторлары рейдке жиі шығып келеді.

– Жедел топ рейдтерді әлі де жалғастырып жатыр. Себебі күн жылынуына байланысты аюлар ұйқыға кетпеген. Қалада қазір жағдай тыныш, аюларға қатысты ешқандай шағым жоқ.

Инспекторлар аспанға оқ ату арқылы аюларды үркітіп, елді мекен маңынан алшақтатты, – дейді жедел әрекет ету жасағының бастығы Ермек Бағлан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу