Риддерде ЖЭО басшылығының салғырттығынан қала жылусыз қалды

511

Жылу электр орталығында сапасыз мазуттың кесірінен қазандықтар жұмысы тоқтатылды.   

Риддерде ЖЭО басшылығының салғырттығынан қала жылусыз қалды Фото: ratel.kz

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында жылу электр орталығында ақаудың неден кеткені белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Риддердегі жылу электр орталығындағы төтенше жағдай сапасыз мазут салдарынан болған.

"ЖЭО басшылығының салғырттығынан мазут дұрыс тексерілмеген, оған су қосылғаны анықталды. Жылу орталығына дереу "Қазцинк" ЖШС-дан 60 тонна, Өскемендегі ЖЭО-дан 70 тонна мазут жөнелтілді. 25 қазан күні түнгі сағат 01.00-де тағы алты цистерна келеді. Осының нәтижесінде, орталық 100 күн үздіксіз жұмыс істейтін отынмен қамтамасыз етіледі", - делінген ақпаратта.

Кеше кешке Риддердегі жылу электр орталығында төтенше жағдай болды. Қазандықтар жұмысын тоқтатып, халық жылусыз қалған. Енді бүгін сағат 19.00-ге дейін тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар жылумен қамтамасыз етілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу