Риддерде жер үйдің ауласына аюлар кіріп кетті

653

Инспекторлар тиісті жұмыстарды қолға алды. 

Риддерде жер үйдің ауласына аюлар кіріп кетті Фото: ЖИ

Риддер қаласындағы жер үйдің ауласына аю қонжығымен бірге кіріп кетті. Қала тұрғындары аюдың көшелерде, үй аулалары маңында жүргендігін айтып, әлеуметтік желілерге түрлі видеолар жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Риддер тұрғындары балалардың қауіпсіздігі үшін алаңдап отыр.

"Құзырлы органдар тиісті шаралар қабылдаса дейміз", – дейді қала тұрғындары.

Шығыс Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, мамандар Риддерге барып, мән-жайды анықтады. 

"Инспекторлар тиісті жұмыстарды қолға алды. Олар аюлардың жүретін жолын бақылап, үркітіп, қала аумағынан шығару шараларын жүргізеді", – делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу