Риддерде жылу бағасы көтерілмейді

531

Бұл туралы Риддер ЖЭО-ның жаңа меншік иесі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz noks.kz порталына сілтеме жасап.

Риддерде жылу бағасы көтерілмейді Фото: noks.kz

Ақпаратқа сәйкес, "Риддер ЖЭО" АҚ жаңа иелері қалада кокс өндіретін комбинат салуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек инвесторлар алдағы бірнеше жыл ішінде ЖЭО қызметтеріне тарифтерді де көтермейтін көрінеді.

"Риддерде енді жылумен байланысты мәселелер туындамайды. Сондай-ақ мен зауытты пайдалануға бергеннен кейін алдағы бес жыл ішінде жылу тарифтерін көтермеу үшін әлеуметтік міндеттеме алғым келеді", - деді "Риддер ЖЭО" АҚ Басқарма төрағасы Құралбек Әбдірахманов.

Айта кету керек, осыған дейін Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жылу тарифі наурыз айынан бастап көтерілетінін, әсіресе Екібастұз бен Риддерде айтарлықтай қымбаттайтынын мәлімдеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу