Риддердегі өрт: Күдіктінің кінәсі дәлелденсе екі жылға сотталуы мүмкін

1063

Полиция өз нұсқасын айтты.

Риддердегі өрт: Күдіктінің кінәсі дәлелденсе екі жылға сотталуы мүмкін

Шығыс Қазақстан облысындағы өрт бойынша күдікті ретінде ұсталған азамат 2000 АЕК көлемінде айыппұл арқалауы мүмкін, деп хабарлайды Inbusiness.kz тілшісі.

Полиция өртке кінәлі деп ұсталған күдіктінің үстінен 10 мамырда Қылмыстық Кодекстің 204-бабының екінші бөлігі, яғни  отпен абайсыз жұмыс істеу арқылы бөтен мүлікті жою, ауыр зардаптар мен аса ірі залал себепші болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған екен. 

Аталған бапта 2000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

"Күдікті бұрын сотталмаған, жұмыс істеп жүрген Риддер қаласының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның отты абайсыз пайдалануы осындай ауыр зардаптарға әкеп соқты", - деді ШҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Елдос Закимов.

Қазір полиция департаменті арнайы жедел-тергеу тобын құрып, бейнебақылау құраларындағы бейнежазбаларды зерттеп жатыр. Тағы 15 адам өртенген аумақта із кесіп жүр. 

"Оқиға куәгерлерінің айғақтары мұқият тексеріліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің бақылауында", - деді департамент өкілі.

Бұған дейін де хабарлағанымыздай, Риддерде ауқымды өрт болып салдарынан екі адам ауруханаға түсіп, 1948 жылғы әйел адам көз жұмды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу