"Риддердегі жалғыз қазақ мектебі тозып тұр": Ахметов не деп ақталады

731

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында тозығы жеткен жалғыз қазақ мектебінің ахуалы туралы бұған дейін әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді.       

"Риддердегі жалғыз қазақ мектебі тозып тұр": Ахметов не деп ақталады Фото: Google

Журналистер облыс әкімі Даниал Ахметовтен осы мәселенің мәнісін сұрады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Риддердегі "Шаңырақ" қазақ мектебін жөндеуге 60 млн теңге бөлдік. Қаржы аз уақытта бөлінеді. Бірақ, Риддердің мәселесі маған белгілі. Осы жылы 300 орынға шақталған мектептің құрылысын жобалаймыз. Ендігі жылы жаңа мектепті салуды бастаймыз. Онда оқу тек қазақ тілінде болады", - деп жауап берді Ахметов.

"Шаңырақ" мектебінде әкім болғанын айтады.

"Оны жөндеуге 60 млн теңге толық жетеді", - деді ол.

Айта кетейік, қалада 16 мектеп бар. Оның 12-сі – орыс мектебі, үшеуі аралас мектеп. Бұған дейін Азаттық радиосы Риддердегі жалғыз қазақ мектебінің тозығы жеткенін жазған. "Шаңырақ" білім ордасында оқушылар 1936, 1958 жылдары салынған 2 ғимаратта білім алып жатыр.

"Шаңырақ" – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы 16 мектептің ішінде жалғыз қазақ мектебі. Оқушылар бөлек-бөлек орналасқан ескі екі ғимаратта оқиды. Екі ғимараттың да ескіргені сырт көзге бірден байқалады. Ағаш терезелердің жақтауы қопарылып, көгеріп, астыңғы жағы дым тартып кеткен. Қызметкерлер мен ата-аналар ескі ғимараттардың төбесі опырылып түсе ме деп қауіптенеді. Ал, облыстық білім басқармасы "Шаңыраққа" жаңа ғимарат салынбайтынын айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу