"Риддерде дәл қазір салынып жатқан ғимарат "Шаңырақ" мектебіне беріле ме?", – деп сұрады журналист.
Білім басқармасының басшысы 600 орындық мектеп салынып жатқанын, оның 2022 жылы қолданысқа берілетінін растады. Бірақ "Шаңырақ" мектебіне бұл ғимарат бұйырмайтынын білдірді.
"Бұдан бөлек 2025-ке дейін 600 және 300 орындақ тағы екі ғимарат салынбақ. Біз сол екеудің бірін "Шаңырақ" мектебіне беруді жоспарлап отырмыз", – деді Жұмаділова.
Айта кетейік, Риддерде "Шаңырақ" атты бір ғана қазақ мектебі бар. Мектеп екі бөлек көшенің бойында, бөлек-бөлек ғимаратта отыр. Қала әкімдігі екі ғимараттың да пайдалану мерзімі асып тұрғанын (біреуіне 85 жыл болған (1936 жылы салынған), екіншісіне 63 жыл болған) растайды. Ата-аналар мен балалар заман талабына жауап бере алмайтын көне мектепке разы емес. Ағылшын тілі, орыс тілі, музыка, дене шынықтыру сынды бірнеше пән мұғалімі екі ортада қатынап жүреді.
Inbusiness.kz тілшісі мектептің мәселесін бірнеше мәрте жазған.
Тасқын Болатұлы