Риддердегі ЖЭО-ны мемлекеттік меншікке беру жұмыстары жүріп жатыр – облыс әкімі

390

Бұл жұмыс шамамен 2 айға созылуы мүмкін.

Риддердегі ЖЭО-ны мемлекеттік меншікке беру жұмыстары жүріп жатыр – облыс әкімі Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Бүгінгі таңдағы басты жаңалықтың бірі – Риддер ЖЭО-ның "Водоканал" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына сенімгерлік басқаруға ауысуы. Сонымен қатар станцияны мемлекеттік меншікке беру жұмыстары қатар жүргізілуде. Бұл жұмыс шамамен 2 айға созылады.  Жөндеу жұмыстарынан басқа қажетті мамандар жұмысқа қабылданып жатыр", - деді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.

Аймақ басшысы ЖЭО-ның қысқы мерзімге дайындығы 80 пайызды құрайтынын жеткізді. Бұдан бөлек алдағы уақытта 3 қазандықта гидравликалық сынақтар басталатынын, қала үйлеріне ыстық су қыркүйек айының соңында берілетінін айтты. 

Әкімдік мәліметінше, бұл үш қазандықтың қуаты қаланы жылытуға, сыртқы температура режимі -10 болған кезде жеткілікті болады. 

Барлық алты қазандық 15 қарашаға дейін іске қосылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу