Айта кетейік, қараша айынан бері жылыту орталығында бірнеше рет апат болды. Оның зардабын халық тартты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Тұтынушылар құқығын қорғау үшін Президент тапсырмасы бойынша Бас прокуратура стратегиялық нысанға кешенді тексеру жүргізіліп, нәтижесі жарияланды.
"Прокуратура ұсынысын қарау нәтижесінде департамент ұйғарым шығарды. Ол бойынша "Риддер ЖЭО" АҚ 63 млн теңге сомасына қайта есептеу жолымен 21 мыңнан аса тұтынушыға шығынды өтеді", - деп мәлімдеді ШҚО прокуратурасының ресми өкілі Мақсұт Тоқсанбаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу