Риддердегі жылу электр орталығында тағы да апат болды

998

Жоғары қысымды қазандық апатты жағдайда өшірілді.

Риддердегі жылу электр орталығында тағы да апат болды Фото: ашық дереккөз

Жылту маусымы басталғалы бері жылуға жарытпаған Риддер қаласындағы жылу электр орталығында тағы апат болды. Тұрғындар шарасыз суық үйлерінде бүркеніп отыруға мәжбүр, деп жазады inbusiness.kz.

Шығыс Қазақстанның өңірлерінде соңғы бірнеше күннен бері қар жауып, күн суытты. Бұл әсіресе жылуға жарымай отырған риддерліктер үшін аса қиын екені айтпасада түсінікті. 

Риддер қаласының әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 18 сәуірге қараған түні жылу электр орталығындағы қазандықтардың бірі апатты жағдайда істен шыққан.

- Жоғары қысымды қазандық апатты жағдайда өшірілді. Шұғыл түрде резервтік қазандық іске қосылды. Енді жылу жүйесіндегі температура біртіндеп көтеріледі, - делінген ақпаратта.

Қыстай жылуға жарымаған тұрғындар өткен аптадағы күннің жылынғанына қатты қуанып, аяздың қыспағынан құтылғандай болған. Өкінішке қарай, тағы да күн суытып, жылу қазандығы әдеттегідей істен шыққан. 

 - Қазір үйімізде жылу жоқ. Далада ауа температурасы да төмендеп кетті. Тезірек жылу қосылса екен, - дейді Бақытгүл есімді қала тұрғыны.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу