Риддердегі жылу орталығындағы қазандықтарды жөндеуге ресейлік мамандар шақырылды

471

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығын қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Риддердегі жылу орталығындағы қазандықтарды жөндеуге ресейлік мамандар шақырылды Фото: orda.kz

ШҚО әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Риддер қаласына барып, жылу электр орталығындағы жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.

"Барлығы бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Қазір үш қазандық жұмыс істеп тұр, біреуі - жоғары қысымды. Төртінші қазандық агрегатын жөндеу аяқталды, іске қосу және реттеу жұмыстары жүріп жатыр. Бесінші қазандықтың жабдықтары жөнделуде", - дейді аймақ басшысы.

Белгілі болғандай, Риддер жылу электр орталығының барлық жабдықтары өте тозған. Оның иелері нысанды қауіпті жағдайға дейін жеткізген. Жылыту маусымына бірде-бір қазандық қондырғысы дайын болмай шықты.

"Қазіргі таңда біздің мамандар электр жабдығын жөндеуден бастап дәнекерлеу жұмыстарына дейін барлығын істеуде. Оларға Ресейдің Қазан қаласынан келген энергетиктер белсенді түрде көмек көрсетуде. Осылайша, жаңартылған үш жоғары қысымды қазандық қатаң ауа райы жағдайында температура режимін сақтауға мүмкіндік береді. Орталықты сатып алу немесе коммуналдық меншікке беру туралы иелеріне екі рет жүгіндім. Бұл бастама ҚР Үкіметі деңгейінде мақұлданды", - дейді Даниал Ахметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу