Риддердегі жылыту орталығы мемлекет меншігіне қайтарылмақ

623

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов кәсіпорынды қала теңгеріміне өткізу мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Риддердегі жылыту орталығы мемлекет меншігіне қайтарылмақ Фото: Видеодан скриншот

Облыс әкімдігінің дерегінше, жақында апатты жағдай болған Риддердегі ЖЭО толық жұмыс істеуі үшін 9 қарашаға дейін екі насос жөнделеді.

5 қараша күні "Риддер ЖЭО" АҚ қазандығында апатты жағдай тіркеліп, салдарынан 22 мыңнан астам абонент жылудан ажыратылған болатын. Қазір электр стансасында екінші қазандық жұмыс істеп тұр. Апат кезінде мамандар алтыншы қазандықтан ақау тауып, дәнекерлеу және жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Қазіргі жағдайға келсек, қазандықтар іске қосылып жатыр. №2 төмен қысымды қазандық жұмыс істеп тұр. Барлығы 3 қазандықты жағуымыз керек. Неліктен мұндай төтенше жағдай болды деп бәрі таңырқап жатыр. Бұл жерде бір ғана жауап бар – орталық иелері жөндеу жұмыстарын дұрыс жүргізбеген. Кімнің кінәлі екенін білеміз. Бірақ қазір алдымызда орталықтың жұмысын қалыпқа келтіру міндеті тұр", - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу