Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Риддердегідей жағдай енді қайталанбайды. Мұнда мәселе Риддер жылу электр орталығының осыған дейінгі иелерінің жауапкершілігінің болмауымен байланысты. Олар 5 жыл бойы жөндеу жұмыстарына ақша салмады, нысанды күтіп-баптауға инвестиция құймады. Екі жылда Риддер ЖЭО-ның күрделі жөндеу жұмыстарына 17 млрд теңгеден астам қаражат салынды. Тағы да қаржы қажет болуы мүмкін екені түсінікті. Оны эксплуатациялау көрсетеді. Бүгінде Риддер ЖЭО ақаусыз жұмыс істеп тұр", – деді Ермек Көшербаев тілшілердің сауалына берген жауабында.
Өңір басшысының сөзінше, биыл жылу маусымы былтырғыға қарағанда ерте басталды.