Риддерліктер тасқыннан зардап шеккен Аягөздіктердің хал-жағдайына алаңдаулы. Қала халқының атынан гуманитарлық қолдау ретінде Аягөзге жүк көлігі аттанды, деп хабарлайды altaynews.kz.
"Оның іші азық-түлікке,керек-жараққа толы. 201 жәшік жиналды,8-і мектепке керек құралдар, жарты тонна макарон, 4 тонна көкөніс,200 кг қант, 700кг ұн, 150 литр күнбағыс майы, 50кг конфет-печенье, 350 банка консервіленген ет, 100 банка қойытылған сүт, 90 кг тұз бар. Біз барлық қайырымдылық танытып, қиындықты бөлісе білген тұрғындырға үлкен алғысымызды білдіреміз", - дейді Риддер қалалық ішкі саясат бөлімінің мамандары.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу