Риддердің жылу орталығын жөндеуге резервтен 1,7 млрд теңге бөлінді

385

Аталған қаражатқа станциядағы тозығы жеткен қос қазандық қалпына келтіріліп, жылу желілері ауыстырылады.  

Риддердің жылу орталығын жөндеуге резервтен 1,7 млрд теңге бөлінді Фото: gov.kz

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығын жөндеуге Үкімет ререзвінен 1,7 млрд теңге бөлінді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2022 жылдың күзінде тоқтап қалған Риддер жылыту электр орталығының тозу деңгейі қазір бір жарым есеге, яғни 75 пайыздан 43 пайызға төмендеді. Қазір мұнда қос қазандық пен қосымша агрегаттар жөнделіп жатыр.

Мамандардың айтуынша, бұдан былай жылу электр орталығына мемлекеттен қаржы бөлінбейді. Енді оны иесі жүргізеді. Қазір облыстағы Өскемен және Согра станциялары да жөнделіп жатыр.

Сонымен қатар биыл облыста 44,7 км жылу желілеріне ағымдағы жұмыстар жүргізу жоспарланған. Барлық станция бойынша жөндеу жұмыстары жылыту маусымына дейін аяқталуы тиіс. Риддердегі №5 қазандық тамыз, ал №6 қазандық қыркүйек айының соңына қарай іске қосылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу