Риддерлік дәрігер қайтыс болған адамның атына трамадол жазған

291

Риддер қаласында қайтыс болған адамның атына психотроптық заттарға рецепт жазып отырған дәрігерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Риддерлік дәрігер қайтыс болған адамның атына трамадол жазған Фото: otyrar.kz

ШҚО прокурорлары тексеру барысында Риддер қалалық ауруханасында есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерінің бұзылу фактісін анықтады деп жазады inbusiness.kz.

"Трамадол - елімізде психотроптық заттардың тізімінде. Оны онкологиясы бар науқасқа дәрігердің рецепті бойынша ғана өткізуге және беруге рұқсат етілген. Қалалық аурухананың онколог-дәрігері аталған талаптарды бұзып, психотроптық препаратты онкология ауруынан қайтыс болған адамға тағайындаған. Содан соң рецептті психоактивті заттарды қолданатын басқа адамға беріп отырған", - делінген ШҚО прокуратурасы таратқан хабарламада.

Бүгінде дәрігерге қатысты ҚР ҚК-нің 303-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу