Риддерліктер 292 млн теңге жылу ақысын артық төлеген

435

Тұрғындар жылу ақысын үзбей төлеп келді.

Риддерліктер 292 млн теңге жылу ақысын артық төлеген Фото: inbusiness.kz

Өткен жылту маусымында Риддер қаласының тұрғындары 292 млн теңге жылу ақсын артық төлеген. Қазір аталған қаржының 160 млн теңгесі қайтарылды. 

Естеріңізге сала кетейік, жылту маусымы басталғалы бері жылу электр орталығында бірнеше рет апаттық жағдай орын алып, тұрғындар жылусыз отырған болатын. Соған қарамастан тұрғындар жылу ақысын үзбей төлеп келді.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ШҚО бойынша департаменті 2022-2023 жылғы жылыту маусымының корытындысына сәйкес жылумен жабдықтау қызметінің құнын қайта есептеді. Нәтижесінде "Риддер ЖЭО" АҚ өз тұтынушыларына 292 млн теңгені артық төлеткені анықталды.

- Қазіргі уақытта Риддер қаласының тұрғындарына 160 млн теңге қайтарылды. Қалған 132 млн алдағы жылыту маусымынан 2023 жылдың соңына дейін өтеледі. Бүгінде ЖЭО-да жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты бүкіл қала бойынша мамыр айынан бері ыстық су өшірілген. Сол үшін халық жаз бойы орталыққа еш ақша төлеген жоқ, - деп хабарлады департаменттен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу