Риддерліктер қоғамдық көліктің уақытылы қатынамайтындығына наразы

446

Қала ішіне қатынайтын қоғамдық көліктер ескірген.

Риддерліктер қоғамдық көліктің уақытылы қатынамайтындығына наразы Фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласының тұрғындары қала ішіндегі қоғамдық көліктердің уақытылы қатынамайтындығын айтуда. Мәселе бірнеше жылдан бері шешімін таппай келе жатқан көрінеді. 

Қоғамдық көлік мәселесін шешу мақсатында жол жүру құны 130 теңгеге дейін көтерілген болатын. Алайда тұрғындардың өтініші әлі қанағаттанбаған. 

– Қаламызда 15 маршрут бар. Онда 14 автобус жүреді. Десе де, қоғамдық көліктер ескіргендіктен үнемі біреуі бұзылып қалып жататын жағдайлар жиі кездеседі. Сол үшін 2023 жылдың басында қала әкімдігі Өскемен қаласындағы тасымалдаушы компаниялардың бірімен келісімшарт жасаған. Олар қыркүйек айында 20 бірлік автобус әкелуі керек, – дейді Риддер қаласы әкімінің м.а. Дархан Қоспантаев.

Оның айтуынша, Риддердегі маршруттарды толығымен жабу үшін барлығы 30 қоғамдық көлік қажет. Егер күзде жаңа көлік компаниясы автобустар әкелетін болса, барлығы 34 автобус қажеттілікті толығымен жабатын болады.

Сондай-ақ қала бюджетінде 93,3 млн теңгеге маршруттарды субсидиялауға қаражат жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу