Риддер қаласындағы тұрғындар қараша айында жылу ақысын төлемейтін болды. Себебі жылу берілгеннен бастап, қазандық бірнеше рет істемей қалған. Мардымды жылу болмаған соң құзырлы органдар осындай шешім қабылдаған.
Бірақ соған қарамастан тұрғындар қыркүйек пен қазан айына толық төлем жасаған. Енді ол төлемдер келесі айға есептелетін болды.
Ал қараша айында халыққа алдын-ала төлем жасау үшін қымбаттаған тариф көрсетілген түбіртектер келе бастаған. Алайда қарашаның бесінде қаладағы орталық қазандықтар істен шығып, 22 мың абонент жылусыз қалған еді. Осыдан соң монополияға қарсы Агенттік қызметкерлері Риддерде жылу қызметінің құны қайта есептелетінін айтты.
Бірақ жылыту орталығының басшылары тұрғындарға қажетті жылуды бере ала алмағанына қарамастан бұл ұсыныспен келіспейтіндігін айтқан. Дегенмен, мәселеге құзырлы органдар араласқан соң, қазандық басшылары қараша айына қаржы алмайтын болды.
Жалпы Риддердегі жылуға қатысты мәселе біртіндеп шешіліп келеді. Бұған дейін үш қазандық іске қосылды. Кешеден бері оқу орындарында сабақ басталды. Әзірше оқушылар 30 минуттан оқып жатыр. Қалада техногендік сипатта жарияланған төтенше жағдай әлі алынған жоқ.