Риелторлар жарты жылда 390 миллиард теңге пайда тапты

828

Риелторлар жарты жылда 390 миллиард теңге пайда тапты

Бір айдың ішінде жасалған сату-сатып алу келісімінің саны 19,5 мыңға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26 пайызға артық. 

Energyprom.kz мониторинг агенттігінің мәліметінше, алғашқы жартыжылдықта жылжымайтын мүлік саласында көрсетілген қызмет көлемі 390,35 млрд теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың балама уақытымен салыстырғанда 7,8% артық болып отыр.

Риэлторлық қызметтердің 40%-ы Алматы қаласына, 20,8%-ы Астана қаласына тиесілі.

Айта кетерлігі, үй бағасы өткен жылғымен салыстырғанда қайталама нарықта 1,7% төмендеген. Ал жаңа салынған тұрғын үйге сұраныс артқан. Риелторлардың пікірінше, қайталап сатылатын үй бағасының арзандауына жыл басында басталған "Нұрлы жер" бағдарламасы әсер еткен. Ал бұл бағдарлама тек жаңа салынған тұрғын үйді ғана қамтиды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу