Алматы мен Рига (Латвия) қалаларының арасында тікелей әуе рейсі ашылады, деп хабарланды Азаматтық авиация комитетінің Фейсбуктегі парақшасында.
"Қазақстан Республикасының авиация билігі Air Baltic әуе компаниясына шетелдік әуе тасымалдаушы аккредитациясы туралы куәлікті табыс етті. Осылайша, бекітілген кестеге сәйкес, Air Baltic осы жылдың 29 сәуірінен бастап Рига - Алматы бағыты бойынша аптасына үш рет ұшатын болады. Тұрақты әуе рейстері Bombardier CS300 ұшағымен орындады", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу