Какау есімімен танымал бразилиялық жаттықтырушы Рикардо Камара Собрал футзалдан ұлттық құраманы қайта жаттықтыратын болды, деп хабарлайды vesti.kz.
45 жастағы жаттықтырушы Қазақстан ұлттық құрамасын 2013-2016 жылдар аралығында жаттықтырған болатын. Оның жаттықтыруымен команда 39 ойын өткізген. 25 ойында жеңіске жетіп, 6 ойында ғана қарсыластарына есе жіберген. 8 ойында тең түскен. Доп айырмасы 137-69.
Ұлттық құрамада Какауға "Қайраттағы" көмекшілері Марио Раулино мен Рабер Клеймар көмектеседі.
Какау Қайратқа баса назар аудару үшін ұлттық құрамадағы қызметін 2016 жылы отандасы Алесиоға тапсырған болатын. Ол осы жылдың маусым айында Әзірбайжан ұлттық құрамасы мен "Араз" клубының бас жаттықтырушысы қызметіне ауысып кетті.