Рим папасы ауруханадан шықты

480

Рим папасы Франциск вирустық бронхитпен үш күн Джемелли ауруханасында жатып, бүгін шығарылды. 

Рим папасы ауруханадан шықты Фото: www.licas.news

Бұл туралы сенбі күні Қасиетті тақ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

"Рим папасы Агостино Джемалли ауруханасынан шығарылды. Медицина мекемесінен кетпес бұрын Папа осы күндері жанында болған басшылық пен медицина қызметкерлерінің бәріне сәлем берді", - делінген хабарламада. Ауруханадан шыққаннан кейін ол журналистермен және кейбір діншілдермен тілдесті.

Франциск сәрсенбі күнгі ұжымдық аудиенциядан кейін өзін жайсыз сезінгенін, бірақ қазір жақсарғанын айтты. Понтификтің ауруханадан шыққанын Rai News 24 телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.

86 жастағы Франциск сәрсенбі күні ауруханаға жеткізілді, алғашында "жоспарлы тексеріс" деп хабарланды. Дегенмен кейін понтификтің тыныс алуы қиындағандықтан жүрек ауруы болуы мүмкін деген күмән туды. Талдау мен тексеріс айтарлықтай сырқатты анықтамады. Дәрігерлер антибиотиктермен емдеді, деп нақтылады баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу