Рим Папасы Франциск денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады

93

Рим Папасы Франциск құлап, оң қолын жарақаттап алғаны туралы Ватикан мәлімдеме жасады. 

Рим Папасы Франциск денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады Фото: РБК

Жарақаттан сүйектері сынбағанымен, сақтық шарасы ретінде қолы таңғышпен бекітілген, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ватиканның хабарлауынша, 88 жастағы понтифик бейсенбі күні үйде құлап қалған. Бұған дейін иегі жарақаттанған Франциск аудиенцияларға оң қолын таңып келіп жүр. Оның бұрыннан тізе ауруы мен бронхитке шалдыққаны белгілі, сондықтан ол мүгедектер арбасын немесе таяқты жиі пайдаланады.

Рим Папасы Франциск денсаулығына қатысты болжамдардан шаршағанын айтып, отставкаға кету жоспары жоқ екенін бірнеше рет мәлімдеген. Ол күрделі медициналық отадан кейін де өз қызметін жалғастыруға дайын екенін білдірді.

Айта кетейік, 2024 жылдың көктемінде Франциск Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендер үшін дұға етуге шақырған болатын. Ал қаңтар айында Қазақстан Президенті Қасиетті Таққа алғашқы ресми сапарын жасап, Рим Папасының шақыруымен кездесулер өткізген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу